Мақсат 5. Гендерлік теңдік
Шәкәрім университеті теңдік қағидаттарын ұстанады, осыған байланысты Кемсітушілік пен қудалауға қарсы күрес саясаты, Теңдік пен инклюзивтілік саясаты қабылданды, университет қызметкерлерінің жалақысындағы гендерлік алшақтық туралы есеп жарияланады (https://semgu.kz/ru/pages/index?pathway=universite...). Университетті дамыту бағдарламасының негізгі индикаторлары ретінде университетті басқару жүйесіндегі әйелдер үлесінің әртүрлі деңгейдегі көрсеткіштері енгізілген.
Білім алушыларға келетін болсақ, ерлер мен әйелдердің арақатынасы сәйкесінше 40:60 деңгейінде.