28 маусым − еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді.
2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.
Міржақып Дулатұлының «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті. Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Осынау кәсіби мереке күні шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!