Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 наурыз 2025шәкәрім

SHAKARIM UNIVERSITY РЕКТОРЫНЫҢ 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті, Shakarim University-дің әйелдер қауымы!

Бүгін Сіздердің мерекелеріңіз – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Әлі  қыстың ызғары қайта қоймаса да, осынау көктем мерекесінде Сіздердің еңбектеріңіз үшін, табандылықтарыңыз бен шексіз төзімділіктеріңіз және ізгілікке толы жүректеріңіз үшін ризашылығымды, алғысымды, құрметімді білдіргім келеді. 

 

 

Ана, жар, әже, қарындас... Ғалым, оқытушы, зерттеуші, тәлімгер. Қазақстанның болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін білімнің кені – өздеріңізсіздер. Әйел- ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, мейірімділік пен тазалықтың қайнары.

 

 

Сіздер отбасы тыныштығының шырақшысы бола отырып,  жұмыста  жауапкершілікпен еңбек етесіздер, батыл шешімдер қабылдап, өз ұстанымдарыңыздың беріктігі арқылы әлемді өзгерте аласыздар.

 

 

Біз жаһандық сын-қатерлер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз: цифрлық трансформация, технологиялық революция, қоғам құндылықтарының өзгеруі. Осының бәрінде сіздер өздеріңізге тиесілі орындарыңызды тауып, бейімделіп, бастаманы өз қолдарыңызға алып, білімнің жолбасшысы бола отырып, жаңа дәуір – болашақты құруға үлес қосып келесіздер. Сөйте жүріп, айналаңызды мейірім мен шуаққа бөлеп, университеттің нағыз отбасыға айналуына ықпал етесіздер.

 

 

Біздің студенттер қауымдастығының 63%-ын арулар құрайды. Олардың ішінде жаңа технологиялар, биотехнология, инженерия және IT салаларында жаңа мүмкіндіктерді игеріп жатқан болашақ ғалымдарымыздың бар екеніне сенімдімін.

 

 

Үнемі өзгерістер мен күрделі міндеттерді талап ететін қазіргі әлем жағдайында Сіздер кез-келген қиындықтарды жеңіп, табандылық, жауапкершілік және даналықтың үлгісін көрсетіп келесіздер.  Психолог ретінде: отбасында, жұмыста, ұжымда көбінесе экраннан тыс қалатын мәселелерді шешесіздер, бірақ сіздерсіз ешқандай қоғам, білім беру орындары, жүйе жұмыс істей алмайды.  

 

 

Бүгінде Қазақстанда әйелдер үкімет, білім беру, ғылым және бизнес салаларында жетекші орындарда. Shakarim University профессорлық-оқытушылар құрамының жартысынан көбі – әйел заты, олар көшбасшы ретінде белсенділік танытып, бастама көтереді, жаңа тәсілдер мен стратегиялар қалыптастыруда алдыңғы шептен көрінеді.

 

 

Әйелдер күні –  әйелдердің еңбегі мен ерліктерін бағалап қана қоятын күн емес, сол арқылы қоғамда әйелдің орны мен рөліне деген құрметімізді көрсету күні. Сіздерге еңбектеріңіз үшін, күш-жігерлеріңіз үшін, кәсіптеріңізге адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын!

 

 

Университетіміздегі әйел-аналар,  арулар, бүгінгі мерейлі мереке күні қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрқайсыңыздың жүрегіңізде махаббат пен жылулық, жаныңызда бақыт пен қуаныш болсын!

 

Құрметпен,   Думан Орынбеков