2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында «Новосібір Экспоцентрі» халықаралық көрме кешенінің алаңында геодезия бойынша дәстүрлі IX Халықаралық студенттік олимпиада өтті (Новосибирск қ., РФ). Олимпиаданың ұйымдастырушысы – Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Тюмень, Новосибирск, Қарағанды және Семей қалаларының жетекші жоғары оқу орындарынан 17 команда қатысты.
Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша Шәкәрім университетінің «ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ» ББ студенттері «Абсолютті жеңімпаз» конкурстық сынағында III КОМАНДАЛЫҚ ОРЫНҒА ие болды.
Сонымен қатар, студенттер номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
I дәрежелі диплом – «Электрондық тахеометрді бағдарлау»,
II дәрежелі диплом – «Brain Ring»,
II дәрежелі диплом – «Орталықтандыру»,
III дәрежелі диплом – «Берілген координаттар бойынша нүктені болмысқа шығару».
Топ жетекшілері «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасының оқытушылары Г.Сейтказина және А.Шалбаев болды.
Студенттер мен жетекшілерді құттықтаймыз, сіздерге сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!