Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қаңтар 2024біліктілікті арттыру, повышение квалификации

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ КҮШЕЙТУ

Ағымдағы жылдың 8 қантарынан бастап Абай облысында орналасқан қос университет Shakarim University және Alikhan Bokeikhan University 120-ға жуық профессорлық-оқытушылық құрамы Shakarim University базасында "Педагогикалық білім беру әлеуетін арттыру" жобасы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

Курс мақсаты – білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық құзыреттілік салаларын арттыру және оқу бағдарламаларын (силлабустар) әзірлеу арқылы кәсіби құзыреттіліктерді түсінуді тереңдету.

 

Оқу барысында қатысушылар негізгі педагогикалық қағидаттармен және тақырыптармен, сондай-ақ бағдарламалық модельдермен және жаңа білім беру бағдарламаларымен танысты. Сонымен бірге акцент оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқыту үшін қолайлы білім беру ортасын құру, сандық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану, оқытуды бағалау жүйесін әзірлеу және бағалау критерийлерін жасау, университеттегі білім беру бағдарламаларын жасаушының рөлін түсіну сынды мәселелерге қойылды.

 

Курс барысында профессорларлық-оқытушылық құрам еліміздегі педагогикалық білімнің қазіргі жай-күйі мәселелерін талқылауда белсенділік танытып, жоғары оқу орнының педагогикалық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.