Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 қазан 2024армрестлинг

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

Шәкәрім жоғары колледжінің “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының ФК-31 тобының студенттері Елдос Ықыласұлы мен Айсұлтан Асылбеков қол күресінен өткен халықаралық жарыста үлкен жетістікке қол жеткізді. Олар 17-30 қазан аралығында Үндістанның Мумбаи қаласында өткен Азия кубогында І орынды иеленіп, алтыннан алқа тақты.

Азияның ең мықты спортшылары күш сынасқан үлкен додада Елдос пен Айсұлтан барлық қарсыластарынан басым түсіп, ел намысын жоғары деңгейде қорғады. Азия кубогындағы бұл жеңіс олардың жоғары дайындықтары мен мықты ерік-жігерінің айғағы.

Елдос пен Айсұлтанды осы тамаша жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олар өздерінің еңбегі мен табандылығының арқасында колледжіміздің, облысымыздың ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатып, мерейін үстем етті. Спортшыларымызға алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!               

Shakarim Higer College