Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 қазан 2022ынтымақтастық, халықаралық қатынас, білім беру

ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫЛАР — БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРЕДІ

Ғылым және жоғары білім министрлігі сапалы білім алу үшін ЖОО студенттері мен оқытушыларымен тәжірибе мен біліммен бөлісетін шетелдік мамандарды тарту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл өз кезегінде білім деңгейін арттырып қана қоймай, бүкіл әлемдегі оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.
Шәкәрім шаңырағы да осындай үрдістен қалыс қалмады. АҚШ азаматшасы Эмма Ларсон бір жыл бойы білім алушылар мен оқытушыларға ағылшын тілі сабақтарын өткізуде.
#ShakarimUniversity студенттеріне кеңес беретін ең маңызды әдіс — ағылшын тілінде белсенді сөйлеу. Біз әртүрлі кітаптарды оқып, фильмдерді көріп тіл үйренеміз. Мен көңілді әрі креативті сабақтар өткіземін", — деді Эмма Ларсон.
Сонымен қатар студенттерге арналған дәрістерді АҚШ-тың Делавэр университетінің азаматтық құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының профессоры Виктор Калиакин оқыды. Виктор - геотехника, іргетас негіздері тақырыптарында ауқымды зерттеулер жүргізетін құрылыс саласындағы үздік халықаралық профессор.
— Біздің жоғары оқу орындарымыздың ынтымақтасқанын қалаймын, өйткені кез келген даму үшін халықаралық байланыстар қажет. Ал меморандум жасасу үздіксіз білім алмасуға мүмкіндік береді,- дейді Виктор Калиакин.
Студенттер шетелдік оқытушылардың сабақтарын жоғары бағалайды. Білім алушылар сабақ барысында өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, өз ойларымен бөліседі.