25 қараша күні «Табысты тұлғаның Шәкәрім университетіндегі дәрісі» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ басшысының орынбасары Дёмин Николай Александрович Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының білім алушыларына дәріс өткізді.
Дәрісте энергетика саласының болашағы, маңызды мәселелері және жеке өмір жолы мен мансаптағы жетістіктері туралы айтылды. Сонымен қатар, қол жеткен жетістікпен шектеліп, бір орында тұрып қалмай адамның үнемі өзін дамыту керектігі, дамуды әрқашан өзімізден, санамызды өзгертуден бастау керек екені жайлы қызықты әңгіме өрбіп, даму мен өзгеріс егіз ұғым деген түйін жасалды.
Кездесу өте қызықты өтті, білім алушылар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Николай Александровичтің тәжірибесі мен бөліскен құнды кеңестері білім алушыларға шабыт беріп, болашаққа жаңа серпін сыйлады.