Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.
Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс.
Осы орайда Білім беру үрдісін ұйымдастыру департаменті 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күнін атап өтті.
-Әсіресе, төрт түліктің сүтінен жасалатын тағамдардың орны ерекше. Олар бірыңғай денсаулыққа пайдалы дәрумендерден түзілген табиғи өнімдер. Мысалы, құрттың құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екенінен хабардармыз. Ал кептірілген, қатты құртты жастайынан жеген баланың тісі берік болатынын екінің бірі біле бермейді. Қатты құрт тістердің қызылиектегі түбірін бекіте түсіп, оларды бұзылудан ұзақ уақытқа сақтайды,- деді Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшісі С.Саликжанова.
Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық! Наурыз құтты болсын!