Министрліктің гранты бойынша академиялық ұтқырлық
Министрліктің гранты бойынша академиялық ұтқырлық
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат білім алушылары үшін 1 семестр ішінде Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға гранттар береді.
Жыл сайын грант беру конкурсы наурыз-сәуір айларында жарияланады.
Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ елдерінде академиялық ұтқырлық үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің грантын алу конкурсына қатысу үшін құжаттар тізбесі:
Өтініштердің үлгілері:
Конкурска қатысу туралы өтініш
Тілдік емтиханға қатысу туралы (IELTS сертификаты болмаған жағдайда)
Міндетті құжаттар:
1) Конкурсқа қатысуға өтініш.
2) ҚР азаматы паспортының көшірмесі (және сканерленген көшірмесі);
3) ағымдағы үлгерімі туралы Транскрипт;
4) үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
Қосымша құжаттар (бар болса)
5) ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық деңгейде танылған сертификат (IELTS, TOEFL). Аталған сертификаттар болмаған жағдайда Шәкәрім университетінде тілдік емтихан өткізіледі;
6) мамандануы бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың (олар болған жағдайда) көшірмелері;;
7) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі (көп балалы отбасылар үшін);
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін;
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).
ТҮРКИЯ МЕН РЕСЕЙ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ГРАНТТАР БӨЛІНБЕЙДІ