Minor «Қаржылық сауаттылық және қаржылық нарықтар»

Бұл курс барлық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына қаржы құралдарын, қаржы институттарын білуді үйренуге, қаржы пирамидаларының құрбаны болмауға, өз қаржы ресурстарын сауатты басқаруға және қаржылық тәуелсіз болуға арналған. Бұл пән білім алушыларға қажетті білімді ғана емес, оларды нақты экономикалық жағдайларда қолдану бойынша практикалық дағдыларды да алуға мүмкіндік береді.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

  • экономикалық ойлау негіздерін дамыту;
  • жауапкершілікті және қаржылық сауатты мінез-құлықты тәрбиелеу
  • жеке қаржыны басқару саласында арнайы құзыреттерді қалыптастыру
  • ұтымды қаржылық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
  • қаржы пирамидаларының белгілерін тануды үйрену және өзін қаржы алаяқтарынан қорғау;
  • қаржылық ақпаратты түсіну;
  • қаржылық терминологияны түсіну;
  • қаржылық құжаттаманы талдай білу
  • жеке тұлғалардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді;
  • отандық қаржы нарығында әлеуетті инвесторлар санын арттыру;
  • несие қарыздарының санын азайту

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

1

Қаржылық сауаттылық негіздері

Негіздері жеке қаржыны басқару өзінің әл-ауқаты мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін. қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, бұл тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға мүмкіндік береді

2

Қаржы нарықтары мен қаржы институттары

Экономиканың қаржы секторының жұмыс істеуі туралы, қаржы нарықтарын реттеудің жалпы қағидаттары мен ерекшеліктері туралы негізгі ұғымдарды зерделеу; - инвестициялар мен қаржы ресурстарын талдау, жоспарлау және басқару үшін қажетті негізгі құралдарды меңгеру үшін дағдыларды игеру; - қаржыны басқару бойынша тактикалық және стратегиялық сипаттағы шешімдерді табысты (оның ішінде дербес) қабылдау үшін базалық білімді, машықтар мен дағдыларды қалыптастыру.

3

Бағалы қағаздар нарығы және биралық ісі

Бағалы қағаздар нарығы мен биржалық іс саласында, атап айтқанда Бағалы қағаздар, олардың түрлері, сипаттамалары, ерекшеліктері, Кахахстандағы биржалық істі және бағалы қағаздардың биржалық саудасын ұйымдастырудың қағидаттары туралы теориялық білімді қалыптастыруға және практикалық дағдыларды алуға бағытталған

Білім беру