Minor «Туризм географиясы және өлкетану»
Студенттер туризм географиясы мен өлкетану ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерімен, халықаралық туризм дамуының негізгі тенденцияларымен танысады. Олар әлемнің, оның ішінде Қазақстанның негізгі туристік аймақтарының табиғи, тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық, геосаяси және экологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастырады.
Мақсаты |
Қалыптасатын негізгі құзіреттер |
Оқыту нәтижелері |
Студенттерге туризмнің қалыптасуы мен дамуы, қоғамдағы алатын орыны, қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында халықаралық туризмнің атқаратын қызметі, Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары бойынша білімді меңгерту.
|
Студенттер туристік индустриядағы проблемалық жағдайлардың әртүрлі түрлерін талдауды және анықтауды, елдің, аймақтың кешенді туристік сипаттамасын жасауды, әлемнің туристік орталықтарының орналасуына әсер ететін факторларды анықтауды және бағалауды үйренеді.
|
Туристік инфрақұрылымды дамытудағы заманауи тенденцияны айқындау және олардың өңірлік және халықаралық деңгейде туристік ағындарды қалыптастыруға әсерін талдау, сондай - ақ ішкі және сыртқы туризмді дамытуға ықпал ететін туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыруда инновациялық бағыттарды әзірлеу
|
№ |
Minor курстары |
Сипаттамасы |
1. |
Туризм және өлкетану негіздері
|
Пәнді оқу барысында студенттерге туризмнің теориялық негіздері туралы ақпарат береді, студенттерді туризм индустриясының негізгі ұғымдарымен таныстырып, туризмнің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалауын және туризмге әсер ететін негізгі факторлар туралы білім қалыптастырады. Ғылыми және кәсіби қызмет шеңберінде өлкетану материалын зерделеу және оны түсіндіру мәселелеріне, оның ішінде жаңа туристік және экскурсиялық маршруттар материалдарын әзірлеуге ерекше назар аударылады. |
2. |
Халықаралық туризм географиясы
|
Пән халықаралық туризм саласындағы заманауи зерттеу әдістерін, туризмнің кеңістіктік дамуын анықтайтын факторларды, туристік ресурстарды құрайтын табиғи және антропогендік құрамдастарды, сондай-ақ жекелеген елдердің туристік макроөңірлер мен субөңірлер аумағында туризмді ұйымдастыру мен дамытудың алғышарттарын қарастырады. Курс әлемдік тәжірибе аясында кешенді жүйе ретінде халықаралық туризм географиясының мәнін, халықаралық туризмнің негізгі туристік ағындарын қалыптастыру негіздерін зерттеуге бағытталған. |
3. |
Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары |
Пән туристік-рекреациялық ресурстарды қалыптастыру қағидаттарын, ішкі және сыртқы туризмін насихаттау мақсатында оларды зерделеуге бағытталған. Курс Қазақстандағы туристік қызығушылық тудыратын табиғи, тарихи, археологиялық, сәулет және басқа да объектілер туралы және олардың тұрақты туризмнің қазіргі заманғы дамуы контекстінде туристік орталықтарға айналуы туралы толық ақпарат береді. Студенттер Қазақстанның рекреациялық ресурстарымен, туризмнің дамуымен және Қазақстандағы туризмнің даму перспективаларымен танысады. |
- Нормативтік-құқықтық база
- Академиялық саясат
- Университеттің академиялық кеңесі
- Түлек моделі
- Академиялық адалдық
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
- Minor
- MOOC
- Кәсіби практика
- Дуалды оқыту
- Көптілді білім беру
- Қашықтан білім беру
- Ішкі академиялық ұтқырлық
- Жазғы семестр
- Инклюзивті білім беру
- Аккредитация және рейтингтер
- Академиялық күнтізбе
- Біліктілікті арттыру курстары және қайта даярлау
- Сипаттамасы бар өзіндік үлгідегі дипломдардың бекітілген нысандары