Университет тарихы

1934 ж. Семей педагогикалық институтының іргетасы қаланды

1936 ж. институтқа Сәкен Сейфуллин есімі берілді

1938 ж. алғашқы студенттер жатақханасы салынды

1939 ж. институтқа Н.К.Крупская есімі берілді

1942 ж. тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне студенттер қабылданды

1952 ж. Өскемен қаласында институт филиалы ашылды (қазіргі С.Аманжолов атындағы ШҚУ)

1960 ж. студенттер театры «Халық театры» атағын алды

1970 ж.Қазақстанда алғашқы «Аэлита» кыздар құрылыс отряды құрылды

1970 ж. институт ұжымы Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің және Қазақ КСР Жоғары кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды

1993 ж. институтқа Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі берілді

1952 ж. зоотехниклық-малдәрігерлік институты ашылды

1950-1960 жж. ешкінің жүн беретін тұқымы шығарылды

1964 ж. «Армандастар» вокалды аспаптар ансамблі құрылды

1965 ж. «Бұлақ» оқу-тәжірибелік шаруашылығы ашылды

1988 ж. студенттердің оқу-ғылыми-ветеринариялық жасағы құрылды

1988-1990 ж. ғалымдардың ғылыми еңбегі одақтық халық шаруашылығы көрмесіне, профессор М.М. Ысқақовтың жұмысы ҚХР көрмесіне қатысты.

1994 ж. қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді «Байыс» тұқымын енгізді.

1962 ж. Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының филиалы ашылды.

1980 ж. Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты құрылды

1982 ж. КСРО мемлекеттік ғылым және техникалық комитетінің тамақ өнеркәсібіне арналған көшпелі сессия өтті.

1993 ж.«Ет,сүт және балық өнімдерінің технологиясы», «Тамақ өнеркәсібінің процестері, машиналар және агрегаттары» мамандықтары бойынша аймақтық мамандандырылған диссертациялық кеңес ашылды.

1995 ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты және Семей ет және сүт өндірісінің технологиялық институты біріктіріліп «Семей» мемелекеттік университеті құрылды.

2002 ж. Республикада бірінші болып «Ет, сүт, балық өнімдерінің технологиясы және тоңазыту өндірісі» мамандығы бойынша мамандандырылған мемлекетаралық (Ресей) біріккен диссертациялық кеңес құрылды

2007 ж. Ұлттық Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы құрылды

2008 ж. Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіш қойылды

2009 ж. университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойылды

2014 ж. университетте агротехнопарк ашылды

2017 ж. Шәкәрім-Кьюнгдонг академиялық орталығы құрылды

2020 ж. академиялық еркіндік берілді

2021 ж. «Шәкәрім жастары» интеллектуалды орталығы құрылды

Университет