AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"
Жоба жетекшісі: Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты
Өзектілігі:
Жоба қазақ әдебиеті тарихының ХХ ғасыр басындағы Алаш кезеңінің әдеби жәдігерлерін зерттейді. Ұлттық идеологияның маңызды элементі ретінде алаш идеясы танылып, мемлекетшілдік пен ұлтшылдық символы ретінде насихатталса, алаш қозғалысына адалдық танытқан таудай тұлғаларға бүгінгі күннің ұрпақтары қалай қарайтынын анықтау қажет. Сонымен қатар зерттеу нәтижесі Алаш ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі заман, дәуір шындығын, тарихи-қоғамдық жайттарды, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды айқындауда да аса өзекті деп айтуға негіз бар. Алаш ұрпақтарының естеліктері негізінде зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстың жүйелі, жинақы әрі нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін аса тиімді болмақ.
Сонымен қатар зерттеу нәтижесі алаш мемуаристикасының жанрлық ерекшелігі мен көркемдік-идеялық және тақырыптық айырмашылықтарын, мазмұндық-формалық жағынан түрленуін, арыстардың деректі және көркем прозадағы бейнесін анықтаумен қатар алаш идеясының, қозғалысының этносаралық, ұлтаралық қатынастарда және әлемдік өркениетте даму бағдарын айқындауда да аса өзекті деп айтамыз.
Мақсаты:
Алаш кезеңінің шынайы тарихын суреттейтін, заман шындығын, дәуір тынысын сипаттайтын алаш ұрпақтарының естеліктерін бүгінгі күннің тұрғысынан қарап, салыстыра отырып анықтау және алаш арыстарының әрекетін, қимыл-қозғалысын, портреттерін ұрпақтары жазып сақтаған мемуарлық жазбалар негізінде ғылыми зерттеу жүргізіп, заманға сай дижитал өнімдерді әзірлеу.
Күтілетін нәтиже:
Алаш қозғалысына қатысқан, осы жолда басын бәйгеге берген қасиетті арыстардың өмір жолы мен қызметіне, шығармашыл тұлғасына қатысты өзге елдерде жарық көрген ғылыми монографиялар мен мақалаларды, еңбектерді жинақтап, жүйелейді. Ұлт тұлғалары жайлы деректі проза үлгісінде жазылған туындыларды, мемуарлық естеліктердің антологиясын шығарады және электронды нұсқасын әзірлейді. Сонымен қатар алаш кезеңі жайлы заман шындығын боямасыз баяндайтын ғалымдар мен өлкетанушылардан, тарихшылар мен әдебиеттанушылардан сұхбаттар жазып, қысқа да нұсқа бейнероликтерге контент әзірленеді. Алашқа қатысты еңбектерді сұрыптай отырып, қазақ ғылымы үшін маңызды деп танылған тың, сенсациялық деректерді ағылшын тіліндегі мақалалар мен зерттеу еңбектерімен таныса отырып рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес монография және рецензияланған шетелдік және (немесе) ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала әзірлеу мақсат етіледі. Жобаның шартына сәйкес постдокторант жоба жұмысының алғашқы жылында жоба нәтижелері негізінде докторлық диссертациясын қорғайтын болады.
Қол жеткізілген нәтиже:
Алаш қозғалысына қатысқан, осы жолда басын бәйгеге берген қасиетті арыстардың өмір жолы мен қызметіне, шығармашыл тұлғасына қатысты өзге елдерде жарық көрген ғылыми монографиялар мен мақалаларды, еңбектерді жинақтап, жүйелейді. Ұлт тұлғалары жайлы деректі проза үлгісінде жазылған туындыларды, мемуарлық естеліктердің антологиясын шығарады және электронды нұсқасын әзірлейді. Сонымен қатар алаш кезеңі жайлы заман шындығын боямасыз баяндайтын ғалымдар мен өлкетанушылардан, тарихшылар мен әдебиеттанушылардан сұхбаттар жазып, қысқа да нұсқа бейнероликтерге контент әзірленеді.