AP22687157 «Алашорда үкіметінің әскери бөлімдері азаматтық қарсыласу жылдарында: ақ пен қызыл арасындағы күрес (1918-1920)»

Жоба жетекшісі: Рахметуллин Еркин Ерланович


Өзектілігі:

Алашорданың әскери бөлімдері тарихи әдебиеттер мен архив құжаттарында «Алаш полкы», «Алаш әскері», «Алаш милициясы» атауларымен белгілі. 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы немесе азаматтық қарсыласу жылдарындағы оқиғалар тарихи әдебиеттерде көбінесе «ақ пен қызыл арасындағы соғыс» деп қарастырады. Алайда, осы Азамат соғысы оқиғаларына Ресей империясы құрамындағы аз ұлттардан шыққан ұлттық құрамалардың қатысқандығы, олардың ерліктері айтылмайды.

Негізінен алғанда, Алаш полктерінің әскери іс-қимылдарының айқын көрініс берген кезеңі – 1918-1920 жылдардағы азаматтық қарсыласу жылдардағы қақтығыстар екендігі архив деректері мен сол кезеңдегі мерзімді басылымдардан аян.
Алашорда үкіметінің әскери бөлімдерінің тарихын қазақ халқының әскери тарихының бір кезеңі ретінде қарастыруға болады. Аталған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жарық көретін монографиялық еңбекті ЖОО білім беру үдерісінде, әскери оқу орындарында дәрістер мен практикалық сабақтарды жүргізуге пайдалануға болады. Зерттеу материалдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өскелең ұрпақты ұлтжандылық бағытта тәрбиелеуде теориялық және практикалық маңызы зор.


Мақсаты:

Алашорда үкіметінің құрылымдық бөлігіне және мемлекеттік тірегіне айналған Алаш полктерінің қалыптасу кезеңдері мен әскери іс-қимылдарын деректік тұрғыда саралау, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қайта жаңғырған ұлттық әскери бөлімдердің тарихын ғылыми тұрғыда зерделеу.


Күтілетін нәтиже:

  • рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес монография;
  • рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақаладан және(немесе) шолулардан кем емес - отандық және шетелдік архивтерден табылған деректерді ғылыми айналымға енгізу;
  • Жоба тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференцияларға қатысу;
  • Алаш сарбаздарының ұрпақтары мен жергілікті өлке тарихын зерттеушілердің естеліктерінен бейне жазба әзірлеу;
  • Алаш полктері әскери іс-қимылдарға қатысқан соғыс нүктелерінің картасын дайындау;
  • университет базасында жобаның тақырыбы бойынша қалалық ғылыми семинар өткізу.
  • Жобаны іске асыру нәтижесінде қол жеткен материалдар (зерттеу жұмыстары, монография, естеліктер) ЖОО-дарында Қазақстан тарихы пәні мен Алаш қозғалысы курстарында, сондай-ақ әскери оқу орындарында қосымша оқу құралы ретінде пайдаланылады.


Қол жеткізілген нәтиже:

Жобаны іске асыру нәтижесінде қол жеткен материалдар (зерттеу жұмыстары, монография, естеліктер) ЖОО-дарында Қазақстан тарихы пәні мен Алаш қозғалысы курстарында, сондай-ақ әскери оқу орындарында қосымша оқу құралы ретінде пайдаланылады.