- жоғары және зерттеу мектептерінде, жалпы университетте тәрбие жұмысын үйлестіруді, ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлауды қамтамасыз ету;
- Университеттің тәрбие үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттаманы әзірлеу;
- студенттер үйлеріне білім алушыларды орналастыру және шығару бойынша бақылауды жүзеге асыру, ондағы санитарлық тәртіп пен құқықтық тәртіптің сақталуын, СҮ-дегі Студенттік кеңестердің жұмысын үйлестіру;
- университеттің Кураторлар кеңесінің қызметін үйлестіру барысында өзгерістер енгізуді қайта қарау;
- тәрбие жұмысын жүргізу сапасын бақылау және бағалау жөніндегі анықтамалық, есептік және басқа да құжаттарды дайындау және оларды басшылыққа, университеттің Ғылыми Кеңесіне ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне университет қызметінің көрсеткіштері туралы есептік құжаттаманы дайындауға қатысу.;
- декандардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен студенттік топ кураторларына әдістемелік көмек көрсету;
- жоғары және зерттеу мектептерінде, жалпы университетте өткізілетін әлеуметтік және тәрбие жұмысын талдау және бақылау;
- қаланың, облыстың, республиканың және өзге де жастар ұйымдарымен, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ережелер мен әдістемелік ұсынымдар шығару.