ҰСТАЗДАР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығы негізінде педагог мамандарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілгені белгілі. Ол бойынша аттестаттаудың бір кезеңі ретінде эссе жазу бекітілді, яғни барлық педагог 30 минут ішінде 250-300 сөзден тұратын эссе жазуға міндеттеледі. Сонымен бірге жаңартылған білім мазмұнындағы пәндердің көпшілігінде эссе жазба жұмысы білім алушының білімін бағалау құралы ретінде енгізілген, сондай-ақ кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде де бұл жанрдың соңғы жылдары кеңінен қолданылып жатқаны белгілі. Осыған орай, білім саласы мамандарының жазу дағдысын меңгеру, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру қажеттілігі өзекті болып тұр. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы 72 сағаттық «Жазу өнері» онлайн курсын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.
Курстың мақсаты: мұғалімдерді, студенттер мен оқушыларды, жазуға қызығушылық танытатын көпшілікті жазылым дағдысына машықтандыру.
Курстың бағдарламасы:
1.Эссенің түрлері, жазу жолдары;
2.Авторлық бағдарлама;
3.Әдістемелік нұсқаулық;
4.Аттестациялық эссе;
5.Мақала, жазу стилі.
Курстың спикері: Бешімбаева Қалдықыз Есболатқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау магистрі, «Академиялық эссе жанрының теориясы мен практикасы» магистрлік диссертацияның, «Эссе жазу әдістері курсы І» әдістемелік нұсқаулығының, «Жазылым: эссе және оның жазылу жолдары» элективті курсының авторы.
Курстың басталу күні: 28 наурыз 2022 ж.
Өтетін форматы: онлайн
Тілі: қазақ тілі
Ақысы - 15 000 (он бес мың) теңге.
Шәкәрім университетінің оқытушылары мен білім алушыларына арнайы баға қарастырылған.
«Жазу өнері» курсына жазылу үшін 2022 жылдың 25 наурызына дейін мына сілтеме арқылы өтінім беру қажет https://shakarim.edu.kz/obrazovaniye/course/signup
Курстың төлемақысы төмендегі реквизиттер және Kaspi қосымшасы арқылы да жүргізіледі. Банк реквизиттері:
Мекен жайы: 071412, Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігінің
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
БСН / БИН 130840007973
КБЕ 16
КОД ОКПО 30958953
КНП 861
ОКЭД 85421
«HALYK BANK» АҚ
ИИК KZ126010261000182423
БИК HSBKKZKX
Толық ақпарат: 8 747 4154321, e-mail: ciot2013@mail.ru
Орталық мекен жайы: Семей қаласы, Тәңірберген көшесі, 1; 208-каб.
Курстан толық өткен тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
Ескертпе: уақыты, ZOOM иденфикаторы мен кіру коды қосымша жіберіледі.