Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 14 наурызынан бастап «Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында 18 сағаттық оқыту семинары өз жұмысын бастады. Семинарға Алматы, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен ата-аналар қатысуда.
Семинар 2022 жылдың 19 наурызына дейін 3 негізгі бағыт бойынша онлайн және офлайн форматында өткізіледі:
1. Балалар психологиясы: сенсорлық-моторикалық даму және психотерапия;
2. Баланың назарын тұрақтандырудағы дефектологиялық, психологиялық бағыттың әдістері мен тәсілдері;
3. АВА-терапия: баланың қабылдауын жақсарту
«Балалар психологиясы: сенсомоторлы даму және психотерапия» бағыты бойынша семинарды Семей қаласының сөйлеуді дамыту орталығының логопед-дефектологы Нурахметова Шолпан Аянгалиевна жүргізуде.
Семинар барысында сөйлеу бұзылыстары мен кеш сөйлеуді шешудің негізгі жолдары қарастырылып, дыбыстарды айтудың түзету әдістері игеріледі.