Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласының "Жарқын болашақ" коррекциялық қызмет көрсету орталығында «Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинардың практикалық бөлімі өз жалғасын тапты.
«Сенсомоторлы нейрокоррекция» тақырыбындағы семинарды Семей қаласының "Жарқын болашақ" түзету қызметі орталығының әдіскері, нейропсихологы Дюсембаева Жұлдыз Алексеевна өткізді.
Семинар онлайн және офлайн форматта өтті.
Практикалық бөлім барысында балалардың сенсорлық профилі қарастырылды. Семинарға келген қатысушылар сенсорлық ақпаратын бұзылуын, өнделуін анықтады. Баланың туылғаннан бастап сенсорлық жүйелерін дамытуға және үйлесімділік табуына, проблемалық мінез-құлқының ажыратуға арналған тәсілдері қарастырылды.
Сонымен қатар тыңдаушылар сенсорлық бөлменің жұмыс әдістерімен танысып, арнайы құралдармен жаттығулар жасады.