Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Жазу өнері» онлайн курсы басталды. Курсқа ШҚО, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Нұр-Сұлтан қалаларынан барлығы 22 мұғалім мен білім алушылар қатысуда.
Курстың негізгі бағдарламасы:
Эссенің түрлері, жазу жолдары
Авторлық бағдарлама
Әдістемелік нұсқаулық
Аттестациялық эссе
Мақала, жазу стилін үйретеді.
Курстың спикері: Бешімбаева Қалдықыз Есболатқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау магистрі, «Академиялық эссе жанрының теориясы мен практикасы» магистрлік диссертацияның, «Эссе жазу әдістері курсы 1» әдістемелік нұсқаулығының, «Жазылым: эссе және оның жазылу жолдары» элективті курсының авторы.
Күтілетін нәтиже: Курсты оқығаннан кейін тыңдаушылар эссе құрылымын, құрылымдағы әр бөлімнің ішкі құрылымын және олардың маңыздылығын біледі, қолданады. Эссе тақырыбынан ауытқымай тезис қойып, тезисті негізгі бөлімде талдайды, одан қорытынды шығара алады. Эссе түрлеріне қарай жазу тәсілдерін меңгереді. Аргумент, факт келтіруді үйренеді. Анализ жасай білетін болады.