20 маусым 2022

"Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС қызметкерлері біліктілікті арттыру курсынан өтуде

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 13.06.2022-25.06.2022 уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС 6 қызметкері Семей қаласының "Ядролық медицина және онкология орталығы" ШЖҚ МКК базасында 72 сағаттық «Ядролық медицинаның техникалық аспектілері» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтуде.

Курс нәтижесі бойынша тыңдаушылар:
радионуклидтік терапияның негізгі принциптерін, радионуклидтік диагностиканың аспектілерін, клиникалық практикада радиофармпрепараттар өндірісін;
ПЭТ-КТ, БФЭКТ, БФЭКТ-КТ, шағын форматта гамма-камера аппараттарының жұмыс қағидатымен және құрылғысымен танысып, аппараттардағы әртүрлі зерттеулердің клиникалық хаттамаларын;
операция алдындағы дайындық және пациенттерге кеңес беру; науқастардың радиациялық белсенділігінің мониторингін, сұйық радиоактивті қалдықтар деңгейінің мониторингін, радиоактивті қалдықтарды жинау тақырыптарын зерттеді.
Біліктілікті арттыру курсын жүргізетін спикерлер:
1. Адильбаев Даурен Нурланович – «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК, Радиациялық қауіпсіздік және медициналық физика бөлімшесінің меңгерушісі;
2. Нурекенова Сауле Адлетовна – «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК, инженер-медициналық физик;
3. Сайлаубекқызы Динара – «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК Радионуклидтік терапия бөлімшесінің аға мейірбикесі.
Курстан толық өткен тыңдаушылар арнайы сертификатқа ие болады.