27 тамыз 2022

Үш күндік қарқынды курс туралы

Шәкәрім университетінің «Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру» тақырыбындағы Жазғы мектеп-2022 аясында 25.08-27.08.2022 уақыт аралығында ұйымдастырылған қарқынды курсы мына бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
 
1-күні профессор-оқытушылық құрам «Силлабус әзірлеу: өзгерістер мен толықтырулар. Бақылау формасы» және «Цифрлық құзыреттілікті жетілдіру» тақырыбындағы семинарларға және психологиялық тренингке қатысты.
 
2-күні Назарбаев Университетінің профессоры Munya Hwami «Жоғары білімдегі жаһандану» тақырыбында онлайн форматта ой бөлісті. Профессор дәрісі аталған мәселеге басқа қырынан қарауға, сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болды.
- Онлайн форматтағы семинарды университетіміздің Білім сапасын бақылау орталығының бас маманы Ж.М.Орынканова «Білім берудегі кредиттік технология жағдайындағы бағалау жүйесі» тақырыбымен жалғастырды.
 Курстың 2-күнінің екінші жартысы дәстүрлі форматта өткізілген «Ғылыми жоба әзірлеу», «Тәрбие жұмысының концепциясы» тақырыбындағы семинарлармен жалғасты.
 
3-күні ПОҚ «Оқытудың белсенді әдістері» тақырыбындағы дәрісті тыңдап, семинар-тренингте өзара тәжірибе алмасты. НЗМ мұғалімдерінің мастер-кластарына қатысып, кәсіби құзыреттіліктерін әдістемелік тұрғыдан жетілдіре түсті.
Сонымен бірге «Дуальді оқыту» семинарында шетелден тағыламдамадан өткен оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, дуальді оқытудың артықшылықтары туралы баяндады.
Осы күннің екінші жартысында факультет декандары, олардың оқу ісі бойынша орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері жақында ғана бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен танысып, талқылады.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, жаңа оқу жылына дайындық мақсатында ұйымдастырылған қарқынды курсқа қатысқан барлық оқытушылар мен білімі, тәжірибелерімен бөліскен барлық спикерлерге алғыс айтамыз.