2021 жылдың қараша айының 12 жұлдызында «Тағам өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының аға оқытушылары, т.ғ.к. Асиржанова Ж.Б. және т.ғ.к. Толеубекова С.С. инженерлік-технологиялық факультетінің оқытушыларына «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда магистратураға кешенді тестілеуге арналған тест тапсырмаларын әзірлеудің негізгі кезеңдері, нормативтік базасы, педагогикалық критерийлердің негізгі түсініктері, бағалау принциптері мен сапалы тест тапсырмаларын әзірлеу дағдылары, сондай-ақ тест тапсырмаларын әзірлеуге қойылатын әдістемелік және техникалық талаптар қарастырылды.