Shakarim University Агробиолаборатория оқу-тәжірибе базасында «Шетелдік селекцияның бидай және рапс сорттарының бейімделу қасиеттерін зерттеу ерекшеліктері» гранттық жобасы аясында бидай мен рапстың тұқымдарын егу жұмыстарын аяқтады. Жоба ЖОО мен Қытай еліндегі серіктес Солтүстік – Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті және ХЭТУ компаниясының арасындағы меморандум негізінде орындалуда.
Тәжірибе жұмыстары үшін бидайдың шетелдік селекциясының 2 сорты және рапстың 3 сорты егілді. Өңірдің табиғи-климаттық жағдайға бейімделуін бағалау үшін стандарт сорт ретінде бидайдың жергілікті «Ульбинка-25» сорты алынды. Тұқымдар алдын-ала биостимулятормен өңделіп, егу жұмыстары «Астра-4» тұқым сепкішімен жүргізілді.
Егу жұмыстарын Ветеринария және агроменеджмент факультетінің жас ғалымы, PhD А.Закиеваның жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, «Агрономия» білім бағдарламасының оқу тәжірибесінен өтіп жатқан 1 курс студенттері ат салысып, өздерінің теориялық білімдерін практика жүзінде толықтырды.
Агробиолаборатория – 70 жылдан астам бері жұмыс істеп келе жатқан университеттің оқу-тәжірибелік базасы. Тәжірибе алаңында отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді рапс пен бидай өсірудің жаңа технологиясын өңірге бейімдеуді және айналымға енгізуге мүдделі.