Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 қыркүйек 2023конференция, каздуал, обсуждение

«ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТЕТІКТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде қазақстандық және еуропалық ЖОО серіктестерінің қатысуымен «Дуалды білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі және олардың сапасын арттыру тетіктері» халықаралық конференциясы өткізілуде.
Айта кету керек, Шәкәрім университеті Қазақстанда дуалды білім беру жүйесінің бағдарламаларын енгізу бойынша Еуропалық одақ жобасының қатысушысы болып табылады және оны жүзеге асыруда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Семей электротехникалық колледжі, Магдебургтегі Отто фон Герике университеті (Германия), Тироль педагогикалық университеті (Австрия), Таллинн техникалық университеті, сондай-ақ көптеген Қазақстан, Германия, Австрия мен Эстонияның өнеркәсіп, энергетика және транспорт кәсіпорындары жұмылдырылған.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда экономикаға студенттерді дайындауда жоғары сапа деңгейін көздеген герман-австриялық дуалды білім беру жүйесін енгізу.
Конференцияны құттықтау сөзбен бастаған ғылым және инновация проректоры Жанар Қалибекқызы өз сөзінде университеттің дуалды білім беру жүйесі бойынша аккредитациядан өткенін және бүгінгі таңда жоғары білікті мамандарды дайындау жоғары білім берудің ең негізгі міндеті болып табылатынын баса айтты.
Конференция барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, дуалды білім беру жүйесінің даму мәселелері, жаңа жабдықталған технологияны меңгерулері жайлы көптеген мәселелер талқыланды.
Екі күнге жоспарланған конференция алдағы уақытта ауқымды жобалар мен қызықты идеялардың туындауына септігін тигізеді.