Жоғары білім беру жүйесін дамытудың негізгі трендтерінің бірі университеттерді интернационалдандыру болып табылады. Оның шеңберінде дәрістер оқу және бірлескен ғылыми ынтымақтастық үшін шетелдік рейтингтік жоғары оқу орындарынан жетекші шетелдік ғалымдар тартылады.
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап Памуккале университетінің (Түркия) PhD докторы, профессор Озай Өзпенже özay özpençe "Экономика және қаржы" кафедрасында жұмыс сапарымен барып, оның бастамасымен бірқатар іс-шаралар кешені өткізілді:
- Экономика мамандықтарының студенттері үшін микро - және макроэкономика, мемлекеттік қаржы бойынша дәрістер оқу;
- Қосдипломды білім беру мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларының менеджерлерімен жұмыс кеңесі;
- - Web of Science, SCOPUS базасына кіретін халықаралық журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар жазуды дайындау бойынша семинар өткізілді;
- Кафедраның білім беру бағдарламаларының 2 курс магистранттарына диссертация жазу бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсетілді.