Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 шілде 2024қабылдау комиссиясы

ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ УАҚЫТЫ 24-шілдеге дейін ұзартылғанын қуана хабарлаймыз‼

Құрметті талапкерлер, сіздермен қуанышты жаңалықты бөліскіміз келеді !

Шәкәрім Университетінің Қабылдау комиссиясы мемлекеттік білім беру грант конкурсына құжат қабылдауды үздіксіз жалғастыруда

 Егер Сіз, өзіңіз таңдаған мамандық бойынша, мемлекеттік грантта ұтып алғыңыз келсе, бізге келіңіз !

Еліміздің жарқын түлектері мемлекетіміздің жоғары дамуына үлес қоссын деген ниетпен сіздерді Семей қаласындағы Шәкәрім университетіне оқуға түсуге шақырамыз!

 Қабылдау комиссиясы демалыссыз, үзіліссіз, күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды.

 

Біздің мекенжайымыз: Қашаған 1 көшесі, Шәкәрім университетінің 3-ғимараты

Грант конкурсына қатысуға келесі құжаттар қажет:

* жеке куәлік;

* ҰБТ сертификаты;

* 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;

* орта білім туралы аттестат (немесе колледж дипломы);

* жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

SHAKARIM UNIVERSITY сіздің арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді! Біз сізге сенеміз!

 

Shakarim University коды - 042