Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қараша 2022дебат, студенты, инклюзивное образование

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шәкәрім университетінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің қызметке дайындығын қалыптастыру» жобасы аясында екі күндік воркшоп ұйымдастырылды. Университеттің педагогикалық бағытындағы білім алушылары аталмыш шараға белсене қатысты.
"PARASAT" және "КОНГРЕСС" интеллектуалдық дебат клубтарының мүшелері «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің қызметке дайындығын қалыптастыру» тақырыбына жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар мәселелердің шешу жолдарын(механизмін) ұсынды.
Айта кетейік, екі күнге созылған шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты "Корган-М" бірлестігінің бастамасымен өткізілді. Дебат турнирін Шәкәрім университетінің оқытушысы Берік Ыдырышев жүргізді.
Ұтымды ойларымен көзге түскен пікірсайысшылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.