Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 ақпан 2024поздравление, язык

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні
1999 жылы қарашада ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 30–сессиясы өтті. Конференцияда осы күн таңдалып, бекітілді. Бұл күн 2000 жылдан бастап әр жылдың ақпан айында тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.
Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа адамның түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу - бейбітшілік сақтаудың кілті. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Мамандардың пікірінше тілдердің өмір сүруі үшін ол тілде кемінде 100 000 адам сөйлеуі керек.
Өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салайық. Біздің асыл қазынамыз, сөз жетпес жауһар құндылығымыз - ол ана тіліміз!