Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 қараша 2022сайлау, үгіт-насихат

ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Бүгін ҚР Президентігіне үміткер  Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Абай облыстық қоғамдық штаб мүшелері Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты - ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау.

«Өздеріңізге белгілі еліміздің саяси партиялары, қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері Қазақстанның кемел келешегі үшін бірлесіп, Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауда. Қазақстан дамудың жаңа жолын таңдап, қазіргі таңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділетті қоғам орнату үстінде. Сол себепті, сіздерді алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырамын», - деді штаб мүшесі Ермек Әбілмажинов.

Шара барысында штаб мүшелері Президенттің саясаты мемлекет мүддесін қорғап, тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтіндігін және халық үшін де ең бастысы қауіпсіздік екенін жеткізді. Сондай-ақ, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.