Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 тамыз 2022ынтымақтастық, kyungdong university global, академиялық ұтқырлық

Kyungdong University Global ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

Бүгін Shakarim University Оңтүстік Корея Республикасының Къюнгдонг Университетінің делегациясын қабылдады.
Екіжақты келісімнің негізгі мақсаты стратегиялық көпвекторлы әріптестікті, академиялық, зерттеу, ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Бүгінгі жиында тараптар алмасу, білім және ғылым саласындағы қазақстан-корей ынтымақтастығының даму келешегін талқылады.
Сапар барысында Басқарма төрағасы, профессор Бауыржан Ердембеков пен Kyungdong University Global Президенті, профессор Lee John Kyu ынтымақтастық туралы жаңа Меморандумға қол қойды.
Меморандум жасасу барысында Kyungdong University Global Президенті Lee John Kyu оқу орны жөнінде мағлұматтар беріп, бүгінгі ынтымақтастықтың келешекте екі тарапқа да игілік алып келетінін жеткізді.
– «Әлемнің 20 елінің студенті біздің ЖОО-да білім алуда. Биыл Шәкәрім университетінің 10 түлегі Kyungdong University дипломын алды. Шәкәрім университетімен ынтымақтастығымыз сапалы коллаборацияның озық үлгісі деп білемін. Себебі, университеттер арасындағы даму мен серіктестік Шәкәрім университетінде көріп отырған мықты көшбасшылыққа негізделген», –деді Prof Dr John K Lee
Өз кезегінде университет ректоры Бауыржан Ердембеков алдағы уақытта екі білім ошағы арасында тәжірибе алмасу, қосдипломдық білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлықты және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағыттарында тиімді іс-шаралардың атқарылатындығын атап өтті.
– «Біздің университеттің Кьюнгдонг университетімен серіктестігі, профессор Джон Лидің басшылығымен, академиялық ынтымақтастықтың жаһандық орталығын құруға мүмкіндік берді, қазір онда біз еліміздің және облыстың игілігі үшін халықаралық деңгейдегі кадрларды бірлесіп дайындап отырмыз. Студенттеріміздің білім алуына 80% жеңілдіктер қарастырылған. Мұның барлығы академиялық ұтқырлықтың дамуына тың серпіліс береді»,— деді Бауыржан Аманкелдіұлы.
Сондай-ақ Шәкәрім университетінің Ғылыми Кеңесінің 2022 жылғы 29 маусымдағы шешімімен университет ұжымының атынан жоғары марапат «Ұлағатты Ұстаз» медалі және университетті жаһандық деңгейде басқаруда көшбасшы, стратег ретінде тану сетификаты табыс етілді.
Маңызды басқосудан соң профессор Lee John Kyu университеттің профессор-оқытушылар құрамымен, студенттер және ата-аналармен кездеседі. Кездесуде қос дипломды білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқуға түсу және оқу процесі мәселелері туралы дәріс оқиды.