Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 мамыр 2023спорт, жеңімпаз, самбо

МАҒЖАН ЖҰМАШЕВ – ЧЕМПИОН

Алматыда Жеңіс күні мен әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған самбо және жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті.
Турнирде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен келген 300 татами шеберлері өнер көрсетті.
Нәтижесінде Шәкәрім университетінің студенті Мағжан Жұмашев 1 орынды иеленіп, спорт шебері нормативін орындап шықты.
Мағжанның жаттықтырушысы, аға оқытушы Айбек Жұманбаевты шәкіртінің халықаралық дәрежедегі жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.