Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 наурыз 2022оқушылар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ - КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау университетіміздің алдында тұрған міндеттерінің бірі.
Осы орайда Шәкәрім шаңырағына кәсіптік бағдар беру мақсатында Павлодар қаласының оқушылары келіп қайтты.
Алғы сөз Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а. И.Оралкановаға берілді. Проректор өз сөзінде кездесуді өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, университетте тек білімде ғана емес, сонымен қатар ғылыми, шығармашылық, спорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыра алатындығын тілге тиек етті.
Сапар барысында түлектер Халықаралық ынтымақтастық орталығын, мұражай мен «Шәкәрім жастары» интеллектуалды орталықтарына барып, университеттің тыныс-тіршілігімен танысты.
Мектеп түлектеріне университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, түлектерді қызықтыратын көкейтесті сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, ББ-на түсу үшін қажетті бейіндік пәндер, қызмет саласы және мамандардың болашақ жұмыс орындары туралы толық мəліметтер ұсынылды.
Кездесу соңында түлектер аталмыш талаптармен толық танысқандығын және алдағы уақытта білімін шыңдау мақсатында дұрыс бағдар таңдайтындығын сөз етті.