Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 сәуір 2024аккредитация, специальности

«МАШИНА ЖАСАУ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА АККРЕДИТТЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Shakarim University 6B07106 - Машина жасау, 7M07104 - Машина жасау білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу процедурасы басталды. Аккредиттеуді Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE) жүргізеді.
Аккредиттеудің бірінші күнінде сарапшылар тобы университет ректорымен, Басқарма мүшелерімен, ББ басшыларымен және құрылымдық бөлімдердің басшыларымен сұхбаттасуда.
Сараптама тобының төрағасы - Мейрамбай Тойлыбаев т.ғ.к., «Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университеті» КеАҚ «Аграрлық техника және механикалық инженерия» кафедрасының профессоры.
Сарапшылар:
Нухтар Умбаталиев - т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ «Өндірістік процестердің машиналары мен аппараттары» кафедрасының доценті;
Олег Морозов - т.ғ.к., доцент, Ульяновск мемлекеттік техникалық университетінің (ФГБОУ) «Материалтану және металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі;
Нұрлан Отаров - «Семей Инжиниринг» АҚ өндірістік-технологиялық цех бастығының орынбасары;
Жігер Құмарбеков - Alikhan Bokeikhan University «Электроэнергетика» ББ ЭЭ-001 тобының студенті.
Жақсылық Салқараев - топ үйлестірушісі, білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығының басқарушы директоры.