Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 сәуір 2023меморандум, ынтымақтастық

МЕКТЕП-ЖОО КЛАСТЕРІ: №11 МЕКТЕППЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Шәкәрім университеті «Мектеп-ЖОО» кластері аясында Абай облысының аудандары мен бірқатар мектептерімен ынтымақтастық орнатуда. «Шәкәрім керуені» кешенді жобасы аясында Үржар, Аягөз, Ақсуат, Көкпекті, Жарма аудандарын аралап, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған үрдісті жалғастыру мақсатында білім ордасында «11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Дулат Баитунов пен Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Индира Оралканова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар «Мектеп – ЖОО» кластеріне қатысты тиімді жұмыс түрлерін жүзеге асырады. Атап айтқанда, инновациялық білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайтады, дарынды балаларды анықтап, қолдайды. Сондай-ақ, қосымша жалпы білім беретін және ғылыми бағыттағы бағдарламалар мен жобаларды іске асырады, мектептегі оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру жүйесін дамытады.