Бүгін Шәкәрім университетінде ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында семинар өтті.
Мемлекеттік қызметке кіру үшін болашақ жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарға Шәкәрім университетінің білім алушылары қатысты.
Айта кету керек, өңіріміз бойынша жас мемлекеттік қызметші мектебіне 47 өтінім келіп түскен. Оның ішінде үздік деп танылған 19 қатысушы іріктеліп алынды. Эссе жазу кезеңінен ең жоғары балл жинаған қатысушылар 4-8 желтоқсан аралығында Шәкәрім университетінің базасында жас мемлекеттік қызметшілерді оқыту курстарынан өтеді. Төрт күнге созылатын бұл жобаның соңында тыңдаушылар тестілеуден өтіп, арнайы дайындалған сертификаттарға ие болады.
Елдің ертеңі жастар екендігін ескерер болсақ бұл жобаның да маңызы ерекше екенін айтып өткен жөн.
Алдағы уақытта «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының жұмысын тұрақты негізде жүргізіп отыруды және бұл тәжірибені орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында жалғастыру жоспарлануда.