2022 жылдың 19 мамырында #ShakarimForum2022 шеңберінде Инженерлік-технологиялық факультетінде «ОЙШЫЛДАР ЕЛІ» экологиялық экскурсиясы өтті. Іс-шараға «Химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары, білім алушылары және университет қонақтары қатысты.
Қарауыл аулындағы «Абай елі» газетінің тілшісі, Шәкәрім мұрасын зерделеуші Әсет Мырзақасымұлы бейнеүндеуінде ұлы ойшыл, тарихшы, философ, сазгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның өмір жолы туралы мұрағат деректер келтірді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиоэкологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, б.ғ.д., Е.Н. Поливкина «Бұрынғы Семей полигоны аумағын кешенді радиоэкологиялық зерттеу» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды.
«Семей қ. Экономикалық лицейі» биология пәнінің мұғалімі А.З. Бексемуратова туған өлкенің табиғаты мен экологиялық мәселелері туралы баяндады.
Кеш соңында білім алушылар табиғаттың сұлулығы тақырыбында өлеңдер оқып, «Экологиялық жаттығулар» өткізді.