Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі18 қазан 2022ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық

"ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ" АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

Бүгін Шәкәрім университетінде Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен (Сяньян қ., Қытай Халық Республикасы) университет басшылығының қатысуымен алғашқы ресми кездесу өтті. Кездесу online форматта ұйымдастырылды.
Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (NWAFU) Қытайдың ауылшаруашылық және азық-түлік технологиялары саласындағы ең ірі университеттерінің бірі. 25 мыңнан астам студенті бар оқу орнында 27 факультет жұмыс істейді.
Кездесу барысында екі тарап бірлескен қызметтің стратегиялық бағыттарын белгіледі. Атап айтқанда, қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу, академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура және докторантурадан кейінгі бағдарламалар) ғылыми тағылымдамадан өтуі талқыланды.
Қазіргі уақытта "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" және "Азық-түлік қауіпсіздігі" магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын интеграциялау жұмысы басталды. Кездесу қорытындысы бойынша "Азық-түлік қауіпсіздігі" ББ 1 курс PhD докторанты Марат Мұратхан ағымдағы жылдың қараша айынан бастап NWAFU базасында ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.
Талқылау қорытындысы бойынша екі университеттің өкілдері қысқа мерзімде экономика және менеджмент, ветеринария, ауыл шаруашылығы, азық - түлік өнімдерінің технологиясы бағыттары бойынша барлық деңгейдегі қос дипломды бағдарламаларды – бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламаларын іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.