Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қараша 2023ғылым, кездесу, ынтымақтастық

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Шәкәрім университетінде ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің ұйымдастыруымен Michigan State University және қазақстандық университеттер өкілдерімен онлайн кездесу өтті.
Шәкәрім университеті «Америкалық академиялық хат орталықтары» бағдарламасына қатысу үшін ҚР төрт ЖОО-ның бірі болып таңдалды. Бұл бағдарлама Орталық Азия аймағының барлық аумағы бойынша бірегей бағдарлама болып табылады. Бағдарлама Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының Баспасөз, мәдениет және білім беру мәселелері бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты халықаралық рецензияланатын журналдарда ғылыми жұмыстарды ағылшын тілінде жариялау мәселелері бойынша біздің ғалымдар мен білім алушыларға оқыту және консультациялық қолдау көрсету болып табылады. Michigan State University әріптестері біздің оқытушылармен өз тәжірибелері мен техникалық білімдерімен бөліседі.
Шәкәрім университеті үшін қосымша артықшылықтардың бірі - бір жыл бойына АҚШ-тан академиялық ағылшын тілінің маманы келеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2025 жылға жоспарланған. Бағдарлама аяқталғаннан кейін университетте бүкіл Орталық Азияда баламасы жоқ толық функционалды академиялық хат орталығы ашылмақ.