Бүгінгі күні президент сайлауы туралы жан-жақты ақпарат беріп, құқықтық көмек көрсету маңызды.
Осы орайда Абай облысының мәслихат депутаты Ибраев Жұмабек бастаған Семей қалалық мәслихат депутаттары Алтайұлы Рахат, Молдағалиева Жанат, Әбілмажинов Ермек, Ахмеджанов Әміржан, Перцева Наталья Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларымен кездесті.
Кездесу барысында саяси реформалар мен сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі ережелері түсіндірілді. Азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы баяндамалар жасалды.
Қоғамдық штаб өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу барысын, дауыс беру тәртібі, 2022 жылғы сайлаудың ерекшеліктері туралы толық мәлімет берді.
Қатысушылар президенттікке үміткерлерді ұсыну ерекшеліктері мәселесі төңірегінде пікір алмасты.