SHAKARIM FORUM аясында Шәкәрім бейнесінің 3D үлгісінің тұсаукесері өтті. Шәкәрім бейнесі тарихи жазбалар негізінде жасалынған.Модельді құру кезінде AVATAR SDK бағдарламасы пайдаланылды.
Жоба авторлары инженерлік-технологиялық факультетінің «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері: Шыныбеков Айдар және Хужабай Қалдыбек Ринатұлы. Жетекшілері: аға оқытушылар Г.О.Садвакасова және Диас Қажымқанұлы.
Сондай-ақ, «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері Оразов Нұржан, Тұтабаев Сүндет, Еслов Ернат, Чамиренов Бекзат ШӘКӘРІМ-ПАРК макеті мен 3D үлгісімен таныстырды.
Бұл жобалар университеттегі стартап жобалар байқауының жеңімпаздары атанды.