Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде мектеп түлектері аттестат алуда. Игі дәстүр алғаш рет Shakarim University жанынан ашылған Shakarim High School жоғары мектебінде өтті. Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген алғашқы тарихи шығарылымды елу оқушы тәмәмдады.
Жоғары мектеп ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 ж. 30 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінде университет жанынан жаңа үлгіде ашылған білім ошағы.
Түлектерге берілген алғыс хаттар мен аттестаттар - жас буынның еңбекқорлығы мен жетістіктерін мәуелі жемісі. Салтанатты рәсімге қатысқан ата-аналар мен мұғалімдер балалары мен оқушыларын мақтан тұтып, олардың жетістіктері мен мектеп өмірінің қоштасу сәтін тамашалап, алғыстарын білдіруде.
Білім ордасы үшін бұл шығарылым жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде таңдаған дұрыс жолдың дәлелдейтін айтулы оқиға. Жоғары мектеп түлектері алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктерге дайын өмірлерінің жаңа кезеңіне сеніммен қадам баспақ. Ақ жол, Жас түлек!