Бүгін Шәкәрім университетінде халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойы сән-салтанатымен аталып өтті. Жиынға университет басшылығы, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және қала тұрғындары қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген университет басшысы Думан Орынбеков Абай күнін атап өту – ұлттық мәдениет пен өнерге, ақындар мен жазушыларға, абайтанушыларға деген зор құрмет екендігін айтты.
-Абай мұрасын зерттеген Мұхтар Әуезов: «Өлең сөзінде өзінің бaрлық шеберлігі, жaңaлығы, көркемдік тaлaнты бойыншa қaзaқ тілінің сaпaсын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тaрихи еңбегі қaндaй болсa, қaрa сөздерінің тілімен де Aбaй осындaй еңбекті біздің мәдениет тaрихымызғa мол сіңірді. Біздің осы күнгі сөйлеп, жaзып жүрген әдебиет тіліміздің тaрихы жaлғыз ғaнa Aбaйдaн бaстaлaды деп кесіп aйтпaсaқ тa, сондaй сaпaлы тілді қaзaқтың жaзбa әдебиетінде aнық биік белге өрлетіп шығaрғaн Aбaй екені дaусыз» деп тек қазаққа ғана тән емес, күллі адамзатқа ортақ тақырыптарды көтеріп, надандықтың шеңберінен шығуға шақырған тұлға екендігін ерекше атап өткен,- деді Думан Рымғалиұлы.
Қонақтар Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен алынған картиналар көрмесін, «Арт фест» сурет салу әдісінен мастер классты тамашалап қайтты. Шара барысында білім ордасының оқытушылары және Абай облысының белгілі жұлдыздары қала жұртына мерекелік концерт сыйлады. Кеш «Спорт ұлыларға жат емес!» атты тоғызқұмалақтан профессор-оқытушылар құрамы арасындағы турнирмен жалғасын тапты.
Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 17:00-де білім ордамыздың әлеуметтік серіктесі, күллі Абай елін ақпаратпен қамтамасыз етіп жүрген «Semei» телеарнасымен шағын футболдан жолдастық кездесу өтеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!