Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 қыркүйек 2022кездесу, жас маман

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Жаңа оқу жылының басында Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков дәстүрлі түрде жас мамандармен кездесті. Олардың көпшілігі университетпен жақсы таныс, магистратура мен докторантураның түлектері. Жас мамандардың арасында басқа да жоғары оқу орындарын бітірушілер және шет мемлекеттерде тағылымдамадан өткен мамандар да бар.
Жиында сөз сөйлеген университет басшысы еліміздің ертеңі жастардың қолында екендігін тілге тиек етті.
–«Сингапур елінің 80% студенттері шетелден келгендер. Оқуға барғанда неге өзге елдің білім алушыларын тегін оқытады деген сұрақ туындайды. Сингапур жері жоқ, құр арал... Елдерін жандандыру үшін 1-4 курс студенттерінің идеяларын алып, жүзеге асырады. Бүгінгі таңда мемлекет дамыған 10 елдің қатарында», – деді Бауыржан Аманкелдіұлы.
Кездесу барысында ректор білім беру процесінде жаңа тәсілдерді іздеу, стартап жобаларын әзірлеу, ғылымды дамыту, ашықтық пен адалдық мәселелерін айтты.
Айта кетейік, биыл Шәкәрім университеті 30-дан астам жас мамандармен толықты.
Жас мамандардың қызметіне толағай табыстар тілейміз!