Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 сәуір 2023встреча, гости

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА «BIKE FOR PEACE» ДЕЛЕГАЦИЯСЫ

Бүгін «Bike for Peace» халықаралық қозғалысының президенті Tore Naerland (Норвегия) бастаған делегация жұмыс сапарымен Шәкәрім университетіне келіп қайтты. Делегация өкілдері ЖОО студенттерімен кездесіп, "Bike for Peace" қозғалысының қызметі туралы әңгімеледі.
«Bike for Peace» халықаралық қозғалысының негізгі мақсаты – ядролық қарумен күресу жұмыстарын насихаттау және оған назар аудару болып табылады. Қозғалыс мүшелері ұйымдастыратын велошерулер аясында саясаткерлер, депутаттар, билік өкілдері және қоғам белсенділермен кездесулер, сондай-ақ бұқаралық акцияларды өткізеді.
45 жылдан астам бейбітшілік пен ядролық қарусыздану үшін белсенді күрескер болып келетін және қозғалыстың негізін қалаушы Tore Naerland Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық саясатын белсенді және дәйекті қолдаушылардың бірі. Т.Нэрлэнд әлемнің түрлі елдерінде велотурлар аясында саясаткерлермен, қоғаммен, жастармен өткізілетін кездесулері барысында ядролық қарусыз әлемді насихаттауға бағытталған «Bike for Peace» қозғалысының қызметі туралы айтып берді.
-1977 жылы қозғалыс құрылғаннан бері барлығы 120-дан астам елде 250 велотур ұйымдастырылды.Қазақстан – ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартудың үлгісі. Биыл және келесі жылы біз Азия елдері арқылы Нью-Йорк қаласына дейін үлкен велотур ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз және ол «Қазақстанға қараңыз – олар ядролық қарудан бас тартты!» деген ұранмен өтеді»,- деді ұйым басшысы.
Сондай-ақ, Tore Neerland 15 жасында көру қабілетінен айырылғаннан кейін өмірдегі қиындықтарды қалай жеңе алғаны туралы айтты. Ол өз мысалында өзін-өзі тәрбиелеу және қайсарлық сияқты жеке қасиеттерді дамыту қажеттілігін атап өтті. Кездесу барысында студенттер қызықты сұрақтар қойып, инсайттар мен кеңестер алды. Қадірлі мейман диалог алаңына белсенді қатысқаны үшін білім алушыларға кітаптарды сыйға тартты.