«SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында «Шәкәрім шығармаларын оқыту: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы тәжірибе алаңы өтті.
Тәжірибе алаңына Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы, Қарағанды, Семей қалаларының, Абай ауданының мектеп мұғалімдері қатысып, қазақ әдебиетін оқыту, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларын оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қоса, оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларын дамытып, ғылыми жоба жазуға дайындаудың тиімді жолдарын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Тәжірибе алаңында:
- Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Ә.Молдағұлова атындағы мектептің мұғалімі, жоғары санатты педагог-зерттеуші Г.Ж.Қойлыбаева;
- Алматы қаласы, Түрксіб ауданы Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, шебер-педагог М.Б.Нусупбекова;
- Семей қаласы, №16 Т.Аманов атындағы мектептің мұғалімі, жоғары санатты педагог-шебер Г.А.Кунафина;
- Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, жоғары санатты педагог-зерттеуші А.Ж.Омарова;
- Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия мұғалімдері Ж.Т.Төлеуқоңырова, А.Қ.Абадилова;
- Қарағанды қаласы, «Шәкәрім атындағы гимназия» мұғалімі Қ.Т.Кубекова;
- Абай ауданы, Ш.Тоқжігітов атындағы атындағы мектептің мұғалімі, педагог-зерттеуші С.М.Үркімбай;
- Семей қаласы, №15 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ж.Қ.Төлеуқоңыр өзара тәжірибелерімен алмасып, заманауи озық технологияларды қолдану әдістерімен бөлісті.
Сондай-ақ, әдебиетті оқытудағы, Шәкәрім шығармаларын оқыту жолдарын ұсынды.