Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қазан 2023тренинг, день психического здоровья, психикалық денсаулық күні

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Шәкәрім университетінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Психологиялық қызмет» орталығының ұйымдастыруымен «Жаның сау болмай, денің сау болмас» тақырыбында тренинг өткізілді.

Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салды.

Айта кету керек, психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек. Осы орайда университеттің «Психологиялық қызмет» орталығы студенттердің жағымды өмір салтын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ психологиялық денсаулық жағдайының алдын алу жұмыстарын атқарып келеді.

Аталған іс-шара аясында білім алушы жастармен бірқатар ойындар жүргізіліп, арт-терапиялық жаттығулар ұйымдастырылды.