Шәкәрім шаңырағында қызметкерлер мен студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру – дәстүрге айналған шара. Осыған орай Республика күні қарсаңында жеңіл атлетикадан "Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол!" акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға "Алаш Орда" спорт клубы демеушілік етіп, "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының оқытушылар құрамына спорттық формаларды табыстады.
450-ден астам білім алушы қатысқан акция нәтижелі аяқталып, жеңімпаздарға дипломдар берілді.