Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 тамыз 2023абай күні, марафон

ШӘКӘРІМДІКТЕР МАРАФОНҒА ҚАТЫСУДА

Бүгін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні аясында Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық ультрамарафон өтуде. Шәкәрім университетінің Жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері Хайбуллина Диляра мен Мұқажанов Заңғар марафон аясында өткізілген қысқа қашықтықтағы жарыста үздік нәтиже көрсетті.
Жарысты ұйымдастырушылар – Абай облысы әкімдігі және «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестік.
- Қазақстанда бұрын жаяу жүгіруден 100 миль немесе 160 шақырымдық қашықтыққа жарыс өтпеген. Жарысқа жиырмадан астам желаяқ қатысуда, олар Астана, Қостанай, Павлодар, Зайсан, Петропавловсктен келді. Семей қаласы мен Абай облысының өкілдері де бар. Бірнеше спортшы Қытай мен Ресейден келген. Олар бәрі тәжірбиелі желаяқтар, әр қайсысы өз жасының категориясында чемпион болып жүрген жігіттер,- дейді ұйымдастырушылар.
Аталған марафонға университет тарапынан қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, қонақ үй, көлікпен қамтамасыз ету мен басқа да шығындар.
Айта кетейік, ертең Шәкәрім шаңырағында Глинка көшесі, 20 А бас ғимаратында 10 тамыз – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай фест» іс-шаралар кешені ұйымдастырылмақ.
Келіңіздер! Көріңіздер! Бірге тамашалайық!