Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 ақпан 2022сыбайлас жемқорлыққа қарсы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

24 ақпан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары аясында Шәкәрім университетінің ПОҚ-на «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» онлайн кездесу өткізілді. Айта кету керек осындай кездесу бір күн бұрын студенттермен де өткізілген болатын.

Шараны университеттің комплаенс қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі әдеп уәкілі М.Т.Абдикакимов және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Бекбаева ұйымдастырды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына,  2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына биылғы жылғы енгізілген өзгерістердің мәні,  қатаңдатылған жауапкершілік пен шектеулердің ерекшеліктері айтылды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.